№5 "Ақ желкен" балабақшасы
Тәрбиеші: Сейдыбаева А.
«Алтын күз»
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. «Күз келді» әуені ойнап тұрады.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селбіретіп,
Тойға бөлеп әлемді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар,әріптестер,балалар.Табиғатымыздың бізге берер байлығымен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағыда келіп жетті.Ендеше «Алтын күз» мерекесі құтты болсын!
Олай болса №6 «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)
Хор: «Алтын күз»
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың жыр шумақтарына берейік.
1Алуа, 2 Алина, 3 Дильназ, 4 Мадина, 5 Айымжан, 6 Маржан, 7Аянат, 8 Іңкәр Н
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
(Балалар серуендеп көз жұмып бақшаға барады,оларға ата мен әже жолығады)
Ата,Әже: Сәлеметсіңдерме балалар,Біздің бақшаға қош келдіңдер!
Шал: Балалар,сендер қандай әдемі балалар екенсіңдер.
Әже: Мереке құтты болсын балалар.
Көктем мезгілінде бақшаға шалқан егіп едік,енді міне күз келіп,қысқы азығымызды жинауға келе жатырмыз.
-Кел шалау, шалқанымызды жұлып алайық.
Шал: Жоқ кемпір, бұл жерде балалар көп екен,осы балалардың көмегімен жұла беріңдер,мен астықты қамбаға апаруым керек.Мен сонда кеттім,сау болыңдар.
Кемпір: Балалар ,біз шал екеуіміз еккен шалқанды қараңдаршы.Үлкен болып өсіпті.Балалар айтыңдаршы шалқан көкөніспе,жеміспе?
Балалар: Көкөніс
Әже: Жарайсыңдар балалар!
Әже: Ендеше мен шалқанымды жұлып алып кетейін- деп ары тартады, бері тартады жұлынбайды.
-«Үлкен болып өсіп кетіпті,әлім келмейді»-дейді.
Шалқан: Ия, мен үлкен әдемі шалқанмын.
Бақшада өстім кең жатқан.
Жер-Анам менің көсілген,
Атам мені суғарып,
Үлкен қылып өсірген.
Кемпір: Таңырқап,ой балалар, кім сөйлеп тұрған.
Біреу сөйледі ме? Балалар сендер естідіңдер ме?
Шалқан: Ия әже, мен сөйлейтін шалқанмын.
Кемпір: Ғажап,мұндай шалқанды кім көрген.Мен бұл шалқанды қалай жұлсам болады, жұлынбайды.(Сабағынан тартады)
Шалқан: Ой, шашымай!Тимеңізші маған.Мен ерекше шалқанмын.Сіз менің айтқан тілектерімді орындасаңыз,өзім-ақ жұлынамын.
Кемпір: Ол қандай тілек???
Шалқан: Қонаққа келген мына балалардың өнерлерін көргім келеді.
Кемпір: Балалар сендер шалқанның тілегін орындап бересіңдер ме?
Балалар: Ия!- деп қуана жауап береді
Кемпір: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Балалар, күз мезгіліне арналған жыр-шумақтарымызды тарту етейікші.
1 Дәулет, 2 Арнат, 3 Мирас, 4 Жания, 5 Іңкәр, 6 Айымжан.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Балалар қараңдаршы,бұл жерде аралар да жүр екен.
Ара сәлемдеседі: Ой менің кішкентай араларым осы жерде екен ғой.Бізде би билеп,өз өнерлерімізді көрсетейік.
Жүргізуші: Жомарт күздің сіздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Әсем бимен бастайық.
Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың әсем биін қабыл алыңыздар.
Би: «Аралар биі»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Кемпір: Өте өнерлі екенсіңдер.
Ән: «Әңгелек әні»
Кемпір: Жарайсыңдар балалар.Өте өнерлі екенсіңдер.
Шалқан: Балалар сендерге көп рахмет.Өте өнерлі екенсіңдер.Енді мен әбден жетілдім.Сендерге мені Жер Ана өзі жібереді.Мен сендерді құр қол қайтармаймын.Сендерге күздің әсем сыйлығын тарту етемін.
Рахмет сендерге! Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Ал балалар енді балабақшаға ораламыз.
(көздерін жұмып,3 рет шапалақтап оралады)
Жүргізуші: Балалар енді ортаға «Күз» ханшайымын шақырайық.
(«Күз» ханшайымы келеді)
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе күз. Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
Күз: Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Енді балаларымыздың өзіңізге арнаған әсем әнін қабыл ал.
Күз: «Күз әні»
Жүргізуші: Тақпақтар
Күз: Өте тамаша өнерлі екенсіңдер.
Жүргізуші: Мерекелі күз келді,
Берекелі күз келді.
Мың бұрала би билеп,
Қантайық сіздерді. — деп кезекті биге белейік.
Би: «Бақалар биі»
Күз: Ойын: «Кім жылдам»
(Ойынның шартымен таныстырады)
Күз: Жарайсыңдар балалар.Өте өнерлі екенсіңдер.
Жүргізуші: Балаларымыздың тағы бір әнін қабыл алыңыздар.
Би: «Тұлпарым»
Тақпақтар: 9 бала
Ойын: Ата-аналармен (жемістерден салат жасау)
Ән: «Угай-әй»
Күз: Қоштасып кетеді.Тілектерді балаларға таратып береді.
Жүргізуші: Балабақша меңгерушісіне сөз беріледі.
Ата-аналарға сөз беріледі.
Жүргізуші: Қоштасады.