Мероприятия 8-марта "Мені?- Анам!"

Тақырыбы: «Менің Анам»

Сабақтың мақсаттары: 1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарымқатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.

2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

1-тәрбиеші: Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. «Менің Анам» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

2-тәрбиеші: Аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған бүлдіршіндердің ән, би, тақпақ, ертегілерін қабылалыңыздар.

Хор: « Айналайын ақ мамам»

1-тәрбиеші: Адалдықты әрдайым ту еткен,

Айнымаған қардай аппақ ниеттен.

Мерекеңіз құтты болсын анашым,

Құттықтаймыз сізді сәби жүректен

Әдеби монтаж: Шырын, Құралай, Әйгерім, Айсана, Айпара, Аида, Алина, Арайлым.

2-тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді

Ән: «Сенің анаң алтын» орындайтын: Ғизатова Шырын.

1-тәрбиеші: Бишілер емес, құстар сияқты,

Елестейді бір көрген түс сияқты.

Әжемнің ұршығындай үйірілгенде,

Жер шарын айналдырған күш сияқты.

Би: Вальс.

2-тәрбиеші: Аппақ нұры ажарынан төгілген,

Бейнесінен бізге бақыт берілген.

Жер мен көкке ештеңеде тең келмес,

Айналайын ана төккен мейірден.

Көрініс:«Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер

1-тәрбиеші: Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

Ендеше ұстаз апайларға келесі әнімізді арнаймыз. Қабылалыңыздар. Ән: «Қошақаным қайда екен.» орындайтын: Акрамова Айпара.

2-тәрбиеші: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз –адамның,

Анаға айтар лебізі.

Әдеби монтаж: Мәди, Елнұр, Жүрсін, Ерасыл, Берікбек, Нұрдәулет.

1-тәрбиеші: Еркелеткен мейірімен баласын,

Біздер үшін мәңгілікке данасың .

Ортамызда аман болып жүріңіз,

Мейрамыңыз құтты болсын анашым.

Аналардың құрметіне: Би: « Қамажай»

2-тәрбиеші: Барлық нұрын тарататын даланың,

Құшағында тербететін ғаламын.

Алтыннан қымбат болған адамға,

Аялаған алақаны анның.

Хор: «Құттықтаймын ана туған күніңмен»

1-тәрбиеші: Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл –қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Тобымыздағы қыздарды құттықтау үшін ұлдарды ортаға шақырайық.

2-тәрбиеші: Қонақты сыйлау қашаннан да бізде қасиет. Бүгінгі мерекеде айтылар. Көп ақ ниет. Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.

1-тәрбиеші: Ана деген аяулы адам асылжан.

Бала көңілінде күн болып жайнап жанатын,

Көңілдеріңіз көктемдей болсын

Өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. –деп ертеңгілігімізді осымен аяқталды. Ата –аналар сіздерге де көп рахмет

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий