Мемлекеттік тілді ?йретуде ойын технологиясын ?олдану.

Скачать документ



Мемлекеттік тілді үйретуде ойын технологиясын қолдану.

Қазіргі заманда мектепке дейінгі жастағы балаларға мемлекекттік тілді меңгерту басты міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмысына тілді үйретудің сан қилы тәсілдері мен әдістері қолданып жатса, соның бәрінен қайткенде тілді тез әрі сапалы игереміз. Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын технологиясын қолдану өте тиімді. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.

Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады.

Жас жеткіншек үшін ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті барысында көп нәрсені айта беру балаларды жалықтыратын жағдай екені анық, осы орайда ойын үлгілерін пайдалана отырып сабақты жүргізу педагог қауым үшін өте тиімді әдіс.

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдылық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаны тани біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті кезінде өткізетін ойындардың өткізу түрі:

а) Жалпы;

ә) Топтық;

б) Жекелей.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында ойын балаланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігі артады және бір – бірімен тіл табысып, ұғынысады.

Осы орайда мысалы мына ойындарды көрсетуге болады.

«Қыз қуу» ойыны

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша балалардың білімдерін тексеру, бақылау. Сөздерді шапшаң орыс тілінен қазақ тіліне аударуға үйрету.

Ойынның барысы: Санамақтың көмегімен ойыншы бала (ұл бала, қыз бала) сайланып алынады. Ойыншылар бір сызық бойында тұрады. Мұғалім мәре сызығында балаларға қарама-қарсы тұрып оларға сөздерді орыс тілінде айтады. Сол сөздің аудармасын қазақ тілінде айтқан бала алдыға бір адым аттайды. Кім бірінші мәреге жетсе сол жеңімпаз болады.

«Қарама-қарсы сөздер» ойыны

Мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Құралдар: доп.

Ойын барысы: Мұғалім шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып, антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала мұғалімге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.

Мысалы: үлкен — кіші

ұзын — қысқа

алыс — жақын

тәтті — ащы

жуан — жіңішке

Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз оқу іс -әрекетін жандандырып, қызығушылығын арттырады. Ойын баланың басқа тілде сөйлеу кезінде пайда болатын қысылу, ұялу секілді сезімдерін жояды. Балалардың жеңуге деген құштарлығын арттырады. Осылайша ойын түрлері баланың дұрыс сөйлеуі мен тілін дамытуда жетістікке жеткізер жолдың бірі болып табылады.

Ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, балаларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Добавить комментарий