Мектепалды даярлы?пен ?оштасу"Біз мектепке барамыз"

Ертеңгілік: « Біз мектепке барамыз»

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі біздің мерекеміз ерекше,себебі бүгін мәпелеп өсірген,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине,бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын!

-бүгін сіздер «Мектепалды даярлық патшалығына» қонаққа келдіңіздер.. Бұл патшалықтың тұрғындары да өте көңілді өмір сүреді. Бірақ бұл патшалықта өмір сүру уақыты шектеулі. Міндетті түрде тұрғындары 1 жылдан соң «Бастауыш білім патшалығына» ауысады.. Бірақ бұл патшалықтан кеткендер құр кетпей, өз бойына өнерді, білімді игере алады. Бұл патшалықта «Тіл дамыту, Математика, Көркем әдебиет,Сауат ашу, Бейнелеу,т.б. көптеген уәзірліктер бар. Енді осы уәзірліктерден алған өнер, білімімізді ортаға салайық.Бүгінгі откелі отырған «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ол үшін патшалық тұрғындарын шақырайық.

Тобымызда жүреді әр кез жадырап

Мінезі ашық ол біздің Баубек

Серік Баубекті ортаға шақырайық

Өзі пысық,шыншыл бала Мирхан,

Білімді де бар бойына жинаған

Базарәлі Мирханды ортаға шақырайық

Білімді біздің, ортадағы гүліміз

Мейірімді әрқашан, ол біздің Нарғыз

Нуртаева Нарғызды ортаға шақырайық

Жүзі жарқын , білімді

Сегіз қырлы бір сырлы деп

Ортаға Рүстем Әсетті шақырайық

Топтағы тәртібі бар ,үлгілі

Ұяң мінез жігіттің ол дүлділі

Ортаға Алиев Айбатты шақырайық

Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!

Баубек
Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын

Мирхан

5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Наргиза

Әсет

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

Айбат
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Ән:Дос болайық бәріміз!

Балалар мектепке барғанда оз заңдары бар сол заңдарды есте сақтауларың керек.Қане мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр

Ойын: «иа, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Жарайсыңдар

Ал енді ата аналармен ойын ойнап жіберейік

Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Жақсы рахмет

Би: Ковбой

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Ән: Жасдәуірдің түлегіміз

Бізге қонақ келе жатқан сияқты

Залға білім ханшайымы келеді

Сәлеметсіздерме балалар.Мен Білім ханшайымымн сендерге білімдеріңді тексеруге келдім.

Тәрбиеші:Ия білім ханшайымы біздің балалар білімді ,онерлі.Мектепке барғалы жатыр.

Білім ханшайымы:Қане олай болса менің тапсырмаларым бар.

– Біз қай елде тұрамыз? 

–Елбасымыз кім?

Астанамыз қай қала?

Қазақстан республикасының рәміздеріне нелер жатады?

–  Неше жыл мезгілі бар?

–1аптада неше күн бар?
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?

Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
–    Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
–    Дауыссыз    дыбыстарды ше?
нешеге дейін санайсыңдар?

1-20 дейін тура,кері санау

Қане Білім ханшайымы біздің балалар сонымен қатар Әріптерді таниды.

Қане мына әріптерді атай қойыңдар
Білім ханшайымы қоштасып шығып кетедіЕндігі кезекте мектепалды даярлық тобы оміріне назар аударып тамашалаңыздар
Слаид корсету

Би:Аспазшылар

Балалар біздер оқу білемізбе? Олайболса қане білімдерімізді корсетейік.

Қандай санамақ білеміз?

Мақал-мәтел білемізбе

Оқусыз білім жоқ Аибат

Білімсіз күнің жоқ

Оқубілім бұлағы Мирхан

Білім омір шуағы

Ақыл азбайды Әсет

Білім тозбайды

Күшіңесенбе,ісіңе сен Әсет

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас Наргиза

Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл Баубек

Қане есеп шығарып жіберейік

Ал енді ақ бетке 1-10 дейін жазып шығайық .

Коршісін ата 11,8,5,4,3,7,14

Ән:»Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, 
Жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам,
Өнер отын жағады.
Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.
Мұғалім: Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім
Маған қызық тілдерің
Естен кетпес күндерің
Сендердікі болашақ
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий