Қазақстан тарихы 6 — сынып Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §15 Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ойындар арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулып, ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі, білімі, діни көзқарастар т.б. туралы айту.

  • Оқушылардың білімдерін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт- бағдар беру, ой- өрісін дамыту.

  • Өнердің шығуы туралы баяндай отырып, мәдениеттілікке, имандылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру. Тұжырымды ой айту

Күтілетін нәтиже:

  1. Ойларын жетік жеткізе біледі.

  2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.

  3. Жұмыс нәтижесін көрсетеді

Тапсырмалар: топтастыру әдістері, постермен жұмыс диологтік тәсіл.

Әдісі: Блум таксономиясы, СТО, диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекілік: сызба, кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дінтану негіздері, ежелгі дүние тарихы

Сабақтың барысы: Шаттық шеңберін құру «Бір біріне,тілек айту»

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  3. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Топқа бөлу: 1 топ Неолит

2 топ Энеолит

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

V.Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар.

VІ. Қорытындылау,бағалау

VIІ. Рефлексия.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІІ.Үй тапсырмасын текскру:

Блум таксономиясы бойынша білімдерін бақылау:

Білу: «Миға шабуыл» әдісі.

1 топ, 2 топ атауларын түсіндіріп, өзідерінің атаулары бойынша бір біріне 3 – сұрақ қою.

Түсіну: «Ой қозғау» сатысы. Белсенді тақтада жұмыс.

1 – тапсырма : жылдарды сөйлету.

  1. Б.з.б. 2,6млн -12 мың жыл — палеолит

  2. Б.з.б.12 мың – 5 мың жыл — мезолит

  3. Б.з.б 5 мың – 3 мың жыл – неолит

  4. Осыдан мөлшермен 13 мың жыл бұрын — күрт жылыну

2 тапсырма: Сәйкестендір.

  1. Бифас — бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтау

  2. Ретуш әдісі – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқы.

  3. Микролиттер – саздан жасалған қыш ыдыс.

  4. Көзе – ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал.

Жаңа сабақ :

Қолдану: Жаңа тақырыпты 2 топқа бөліп бір – біріне оқулықтан тақырыпты оқып түсіндіру.

Әр топқа тапсырма беру:

1 – топ: Мезолит – мысты тас заманындағы құралдарды салу.

2 – топ: Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігін суреттеу.

Талдау: Ашық тест орындау.

  • 1топ: 1. Пиктография сөзінің анықтамасы. Жауабы: тасқа түсірілген хат суреттер. 2. Ежелгі адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы. Жауабы: тотемизм. 3. Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді? Жауабы: Палеолит- ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры, неолит-жаңа тас ғасыры.

  • 2 топ: 1. Ежелгі адамдардың белгілі бір материалды затқа табынуы. Жауабы: фетишизм. 2. Тастан жасалған негізгі құралдарды ата. Жауабы: Қашау, қырғыш, балта, найзаның ұшы, пышақ, бұрғы. 3. Садақ пен жебе пайда болған дәуір. Жауабы: Мезолит

Жинақтау : «Кім жылдам?» жеке жұмыс .

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігіне байланысты жаңа сөздерін теру

VІ Қорытынды. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігіне түйін айту, бір сөйлем.

VІІ Кері байланыс: Сабақ маған ұнады? Не қиын болды? Менің ұсыныс пікірім.

VІІІ Үйге тапсырма: §15 Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий