Ашық сабақ " Сақтардың шыруашылығы мен тұрмысы" 6 А сынып

Скачать документ



Күні: 23.12.2016 ж

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

  • сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы жан-жақты мағлұмат беру;

  • оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту, алған білімдерін тереңірек меңгерту;

  • еңбекқорлыққа , тарихи деректерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығымен танысады, оқып өздігінен ізденіп жұмыс істеуге , сыни тұрғыда ойлай отырып, алған білімін тиянақтауға , пысықтауға үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық жұмыс,постер қорғау, рефлексия жазу.

Сабақтың әдісі : Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары; «Интервью» әдісі, «Өрмекші торы » әдісі, постермен жұмыс, БББ, проблемалық сұрақтар қою.

Дерек көздері: Сақтар тақырыбына арналған материалдар, жұмыс дәптері.

Ресурстары: интерактивті тақта, стикер, А3 форматты қағаз, маркерлер, білім ағашы, Сақтар туралы деректер, бағалау парағы, смайликтер, карта.

Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:

  1. Ойлануға уақыт беру.

  2. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  3. Жәрдем беру.

  4. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Сабақты жүргізу формалары:

  1. Жеке жұмыс.

  2. Жұптық.

  3. Топтық.

  4. Ұжымдық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жатқанда елің еркін, азат болып, ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып. Халқыңның тарихын біл, жұртын таны, сонда сен көгересің қазақ болып деген өлең жолдарымен сабағымызды бастаймыз.

1 мин

«Тәтті сый» арқылы оқушыларды тәттінің түсіне байланысты 4 топқа бөлу. 2 мин.

  1. топ: тиграхауда

  2. топ: парадарайа

  3. топ: хаумаваргалар

  4. топ: массагаттер

Әр топ өз топ аттарын қорғайды. 3 мин.

ІІ. Үй тапсырмасы: «Кезбе тілші» әдісі бойынша сұрау. 7 мин.

Әр топтан бір тілші шығып, қалған топтарға сұрақтар қойып интервью алады. Топтар берілген сұраққа нақты жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Топарға кіріспе сұрақ: «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы не білеміз? » Жасыл түсті стикерге не білетіндерін жазып, «Білім ағашының » төменгі жағына жапсырады. Келесі сақтар туралы тағы не білгілерін келеді? деген сұрақ қоямын. Не білгілері келетінін стикердің сары түсіне жазып, ағаштың ортасына жапсырады. 5 мин

2. Электронды оқулықтан «Сақтар» туралы бейне үзінді көрсетіледі.

2 мин

Мұғалім:

3. Постер қорғау әдісі: Мәтінді оқи отырып, постер қорғау:
1. Тиграхауда тобына:
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама.
2. Парадарайа тобына :

Сақтардың шаруашылығы.
3. Хаумаваргалар тобына:
Қолөнер кәсібі.

4.Массагеттер тобына:

Діни нанымдары мен ғұрыптары.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғап шығады. 15 мин.
ІV. Алған білімдерін бекіту: «Өрмекші торы» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау. Оқушылар бір-біріне жіпті ұсыну арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Нәтижесінде өрмекшінің торы шығады.

Ү. Қорытындылау: Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани

мәдениетінің аса маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы

суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық зерттеулері

Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы

мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді. Сақ тайпасынан мұраға қалып

отырған жәдігерлер қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы

болып табылады. Себебі, бұл жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың

бізге қалдырған өсиеті деп айтсақ қателеспейміз.

Сақтар елінің патшайымы – Тұмар ханым сендерге хат жолдап отыр.

Құрметті № 17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің 6 «А» сынып оқушылары!

Сақтар елінің мәртебелі патшайымы – Тұмар ханымның сіздерге деген ризашылық алғыс хатын қабыл алыңыздар.

Еліміздің мықты мемлекетке айналып, мәдениетінің өркендеуіне сендер өз тарихтарыңды білу, құрметтеу арқылы үлкен үлес қоса аласыңдар. Сендерге оқуда озат, отбасында амандық тілеймін Ыстық ықыласпен: Сақтар елінің патшайымы – Тұмар ханым.

VІ.Бағалау: Топпен бағалау, топ басшысының бағалауы, критериалды бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия: «екі жұлдыз, бір тілек».

VІІ. Үйге тапсырма:

  1. §30 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығын оқу.

  2. «Менің сақтар арасында болғандағы көргендерім…» деген тақырыпта шағын әңгіме жазу.

Критериалды бағалау

Ескертпе: қойылатын ұпай: 2 – жақсы, 1 — орта, 0 – нашар.

_____________________________________________________

(топтың аты)

р/с

Аты-жөні

Критерийлер

1.

Жұптық, топтық жұмысқа қатысу

2.

Белсенділігі

3.

Кем дегенде жоғары деңгейдегі екі сұраққа жауап беру

4.

Өз көзқарасын айту және оны дәлелдей білу

5.

Барлығы:

(7-8 ұпай аралығы–5,

5-6 ұпай аралығы – 4,

3-4 ұпай аралығы-3)

Топ басшысы:___________________________________________________

«Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң ,сен басқа ұлттың кім екенін ешуақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай,қазақ халқының ата тегі болған Сақ тайпасының тарихын,мекендеген орнын ,қоғамдық құрылысын білу мақсатында ашық сабағымыздың тапсырмаларына тоқталамыз.

1.Қалам бас алға сүрінбей

Болашақ кілт – білімде.

Қандай мағына береді,

«Сақ» сөзі парсы тілінде?

Жауабы : (Құдіретті еркектер)

2.Басынан кешкен шактарды

Тарихшы тізіп актарды

Кімдер деп тағы атады,

Грек Гредот сактарды? Жауабы :(Массагеттер)

3.Ағаға тыныс іні еді,

Тарих өткеннің үніеді.

Сак әйелінің ерлігін,

Сипаптап берген кім еді?

Жауабы : (Ктесий)

4.Көгенге кұлын байлады,

Бес каруды да сайлады.

Айтып берші,кай сактар,

Арал мен Сырды жайлады? Жауабы : (Парадарайда)

5.Білімді алтынға теңедік, Достарға ашык,кең едік. Әйгілі сусын жасаушы, Сақтарды кімдер деп едік?

Жауабы : (Хаомаварга)

6.Арайлап таңы атады,

Маужырап күні батады.

Түйе сүтін балмең тең,

Сақтар калай атады?

Жауабы 🙁Шұбат)

7.Кең болып түзде түлеппін,

Шарапаты мен ізгі тілектің,

Көшпелілер қалай аталды,

Деректерінде гректің?

Жауабы : (Дайлар)

Добавить комментарий